«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Красивый ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение               «Общеобразовательная школа села Красивое отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

КӨК ТАЙҒАҚ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІ

22.11.2023 КӨК ТАЙҒАҚ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІ. Көктайғақ – сырғанақ беткейді түзетін қардың немесе мұздың қабаты. Көктайғақ – жаңбырдан кейін күннің сууынан пайда болған мұз қабаты. Ол көбінесе адамдар көп жүретін жерлерде және тратуарларда кездеседі. Жаяу жүргінші көктайғақ кезінде – құлап бір жерін жарақаттап алуы мүмкін және көлік астына түсіп қалу қауіпсіздігі бар. Суық түскеннен бастап жарақаттар (буынды ауырту, сынықтар, денені соғып алу т.б) саны артады. Көктайғақ кезінде зардап шеккіңіз келмесе, келесі ережелерді орындаңыз: - Өзіңіздің аяқ киіміңізге көңіл аударыңыз: - Сырғанамайтын, табанында ұсақ өрнектері бар аяқкиімдерді таңдаңыз. Сән қуушылардың биік өкшелі аяқ киімдерді кимегені жөн. - Аяқастына қараңыз, қауіпті жерлермен жүрмеңіз. - Егер мұзды жерді айналып өту мұмкін болмаса, мұз үстімен шаңғышы сияқты қысқа адымдармен жүріңіз: - Жолдың келесі бетке өтетін жерлерде абай болыңыз, асықпаңыз, жүгірмеңіз; - Ылдилы жерлерден айналып өтуге тырысыңыз; - Аяғыңызды тізеден бос ұстап, табаңыңызды нық төсеп жүріңіз; - Мүмкіндігінше қолдарыңыз бос болсын, ауыр сөмкелер ұстамауға тырысыңыз. Қолды қалтаға салып жүру құлау қаупін ұлғайтады. - Егер тайып кетсеңіз ауыр жарақат алмас үшін, жүрелеп отыра қалуға тырысыңыз. - Құлаған кезде қатты соққы алмас үшін бүктетіліп, аунап түсуге тырысыңыз. - Құлаған кезде қолыңыздағы заттың емес, өзіңіздің аман қалуыңызды ойлаңыз. - Құлаған соң орныңыздан бірден көтерілмей, жарақат алмағаныңызға көз жеткізіп, жаныңыздағылардан көмек сұраңыз. ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ! Әсіресе арқамен құлау, шалқасынан құлау ең қауіпті болып табылады, себебі, осы кезде мидың шайқалуы мүмкін. Жарақат алған кезде міндетті түрде жедел жәрдем қызметіне хабарласу қажет.
Просмотров: 1247


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст