«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Красивый ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение               «Общеобразовательная школа села Красивое отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

сынып сағаты "Асыл әжем - ақ әжем"

13.03.2017

Красивинский

орта мектебі

 

 

 

 

Ашық тәрбие сағаты

 

Тақырыбы: «Асыл әжем-ақ әжем»

 

 

 

 

Өткізген: Асимова С.А

 

 

 

04.03.2017

жыл

Тақырыбы: «Асыл әжем-ақ әжем»

Мақсаты: Оқушыларды халық дәстүрі салтарымен

тереңірек таныстыру, көрсету.Әжелер тәрбиесі,әжелер өнерін немерелер мен әжелер

арасындағы сүйіспеншілік әжелердің ұлылығын, ұлағатын, даналығын,ақылын

отбасының тірегі,қазынасы екенін дәріптеу, көрсету. Оқушыларды әжесін сыйлауға,

аналарды құрметтеуге тәрбиелеу.Оқушылардың бойына адами қасиеттерді сіңіру.

Көрнекіліктер: суреттер, нақыл сөздер, оқушылар

шығармашылығы

Мұғалім: Қадірлі қонақтар, ұстаздар, оқушылар қымбатты

әжелер келе жатқан мерекелеріңізбен! Әжелер қашанда мерейлеріңіз үстем болсын!

Денсаулықтарыңыз мықты болсын!

«

Ана» осы үш әріптен құралған сөздің ішінде қаншама мейірімділік ықылас жатыр

десеңізші?!Ана туралы тебіреніп толғанбаған жыр арнамаған ақын жоқ

шығар,сірә.Осы ардақты есімді естігенде кез-келген адам баласының жан дүниесі

тебіренбеуі мүмкін емес.Анаға теңесер анаға тең келетін дүниеде жан жоқ.Түн

ұйқысын төрт бөліп жылағаныңда жұбатып,қуанғанда қуанышыңды бірге бөлісетін

ананың кең пейілі ғой.Ананың аялы алақаны сәбиіне күш береді,ананың ақ сүтін

емген баланың бойында адамгершілік пен мейірім инабаттылық,ізгілік шуағы мол

болады,өмірдің бар қызығы да асылы да анада.Анасы бар адамдар ешқашан

қартаймайды.

«Ана» деген сөз – менің өміріммен тікелей байланысты. Сәбилердің ең алғашқы

тілі «ана» деген қымбатты сөзден басталады.Өміріңнің сәнін де,әрін де

келтіретін,жаманыңды жасырып,жақсылығыңды асыратында анаң.Жабыққан,сүрінген

сәттерде әрқашан жаныңнан табылып қолтығыңнан демеп,жұбатып үлкен армандарға

жетелейтін де анаң.Сондықтан бүгінгі әжелер,аналар мерекелеріңіз құтты болсын!

Бүгінгі

8-наурыз мерекесіне арналған «Асыл

әжем-ақ әжем» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Елдос

Балаңыздың

сыйлығын,

Қабыл алшы анашым.

Ұзақ өмір жүз жасап

Ауырмашы анашым.

Гүлім

Аналарды сүйеміз

Сөзін ойға түйеміз

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз

Сабина

Маған ақыл беретін

Әжем менің асыл жан

Сипап жақсы көретін

Құлыным деп

басымнан

Шамшінұр

Еркелесем, күлімдейтін,

Ұрысқаны білінбейтін.

Маңдайымнан иіскеп менің,

«Құлыншағым, күнім», -

дейтін.

Салтанат

Ана деген – асыл жандар

болаттай,

Ана десең –мөлдір жандар

бұлақтай

О, адамдар, қадірлей біл

Ананы,

Жат қылыққа ақыл-ойды

тонатпай.

Каусар

Апатайым, анашым,

Ақылы мол данасың.

Қамқоры сен сәбидің

Гүлі де сен әр үйдің.

Алихан

Бізді өсіріп баптаған

Жақсы болсам шаттанған

Алтыным деп мақтаған

Айналайын ақ мамам.

Сабина

Анам менің панам ғой

Содан қорған табам ғой

Асықпа анам ертең ақ

Отын болып жанам ғой.

Махаббат

Анам менің асыл жан

Құшағы нұр шашылған

Күн секілді күледі

Сипап ылғи басымнан

Нұрхан

Анам менің асыл жан

Құшағы нұр шашылған

Күн секілді күледі

Сипап ылғи басымнан

Аружан. Г

Әлпештеген баласын,

Ана бақыт, ана күн.

Әркім сүйіп өзінің

Мақтан етер анасын.

Аружан.Р

Дүниедегі ең ардақты асыл

жан,

Анам менің мәпелеген

жасымнан

Мен қуансам қуанады ол

бірге

Мен қиналсам табылады

қасымнан.

Маған қымбат жан жоқ сірә

анадан,

Бар жақсылық аналардан

тараған

Жер бетіне өмір нәрін

себуші

Ана алдында борышты ғой бар адам.

Ақ тілеген жат-жақын жуығына

Өмірдің көніп ыстық-суығына

Алпыс қанат орда бұл елімнің

Шаңырағы сендерсің, уығы да

Ақ жүректі аналар берекеміз

Құтты болсын көктемгі мерекеңіз!

Бәрі бірге:

Ана дейміз бәріміз де

аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана деген – бәйтерегі өмірдің,

Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.

Хор: Ән

Мұғалім: Асыл әжем ақ әжем,

Құрметті

әжелер армысыздар,

Бәріңізде

есен-саумысыздар

Төрлетіңіздер,

қадірменді әжелер

Гүл-гүл

жайнап біздің мынау төрімізге

Немере

үшін ең мейірімді жан-әже. Ақ сүт берген аналардың анасы-әже. Жан жүрегім

жарығым деп немересін, шөбересін жүрегіне теңейтін де әже.

Асыл

әжем-ақ әжем тақырыбында 2 «А» мен 4 «А» сыныптар арасында әжелер сайысы

Біздің

бұл сайысымыз 8 наурыз мерекесіне қарсаңында өткелі отыр.

Сондықтан

осында отырған барша әжелерді, аналарды, ұстаздарды 8 наурыз мерекесімен

құттықтаймын.

Енді

сіздерге бүгінгі сайысымызға қатысқалы отырған әжелер мен немерелеріне ақ жол

тілеп,сайысымызды бастауға,таныстыруға рұқсат етіңіздер.

№1 Назым әже немересі Гүлім

№2 Күлай  

әже немересі Сабина

№3 Шарбат әже немересі Махаббат

№4 Рая әже немересі Аяулым

№5 Тұрғанша әже немересі Өркен

Сайыстың

аты сайыс болғандықтан бүгінгі біздің ардақты әжелеріміздің әділ бағасын беру

үшін әділ қазылар алқасын сайлап алуымыз керек.

Тәрбие ісінің меңгерушісі: Гүлім Абилкасовна

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Сәуле Төлегенқызы

 

Бүгінгі

сайысымыздың шартымен таныстырып өтейін:

1.Таныстыру

2.Өнер

сайысы

3.Мақал-мәтел

сайысы

4.Қол

өнер үлгісі

5.Киім

үлгілері

6.Ұлттық

тағам

І .  Таныстыру

Наурыз

күні-Ана күні, әлем күні. Әлемді тебірентер ана үні.

Әже

деген әлемнің гүлі емес пе,

Әже

деген сөздердің көркі емес пе.

Әже

деген әлемнің сұлулығы,

Әжесіз

бұл әлем бос емес пе дей отырып,

Танысыруға

кезек береміз.

Ән: 

«Анашым» орындайтын 2 «А» сынып оқушысы: Сейтхан Салтанат

ІІ. 

 Сөнбейді әже шырағың,

Өзіңді

әнге қосамын

Жеті

қат жердің астында

Жетпейді-ау

бірақ осы әнім дей отырып,

Өнер

сайысына кезек береміз.

Әже

мен немере өнерін көрсетеді

«Өнерлі

өрге жүзеді» келесі «Өнер» сайысын тамашалайық

ІІІ.  Мақал-мәтел сайысы «Мақалдың жалғасын тап»

Хор: 4 «А» сынып  орындауында «Қазақстан жалауы»

IV. Өнер мінсең ат

     Ұшсаң қанат

    Кисең жанат

    Қол өнері кілемде

   Сөз өнері өлеңде

   Қол өнері әдемі сәнділікпен

   Көз тартып ұрпақтарға алмасуда дегендей

келесі кезеңіміз

  Өнерлінің қолы алтын

  Өлеңшінің сөзі алтын деп аталады.

Ән: «Ақ әжем» орындайтын Музыка пәнінің

мұғалімі: Гүлден Қадірқызы

(Сән үлгісіне дайындалу)

V. Сұлулық табиғаттан басталады,

Көктеммен

олар бірге шаттанады.

Бәйшешектей

құлпырып, гүлдей жайнап,

Сән

думанға барлығы аттанады.

Келесі

сайысымыз «Сән думан» деп аталады.

VІ. Ұлттық тағам

Әжетайым

бар менің,- дегендей немерелеріне бар тәттісін аузына тығатын әжелерді ортаға

шақырамыз.

«Әжелердің жеңістік тағамы-ай» деп

аталады.

Қазір біздің әжелеріміз немерелерінің

жақсы көретін тағамдары қалай жасалатынын айтып береді.

«Гүлдер» 

тобының орындауында «Құрбылар» биі 

қабыл алыңыздар.

 

Ана

жанын әже болсаң ұғарсың,

Алдыңда

ол биік құзар шың.

Немере

үшін кеуде керіп мақтанып,

Немере

үшін биіктен де құларсың

Әже

мерейі күн көзімен пара-пар,

 

Тұла

бойға қуат болып таралар.

Өмірімізге

шуақ шашып әрқашан

Көп

жасаңыз, ақ ниетті әжелер,-

Дей

отырып бүгінгі сайысымыздың да мәреге жеткенін байқап отырған шығарсыздар.

Бүгінгі

сайысқа қатысқан барша әжелеріміз өздерінің үлгі-өнегелерін мына отырған

ұрпақтарға көрсете білді ғой деп ойлаймын.

Мұғалім: Сайыста жеңіс те бар, жеңіліс бар,

Қуанып

шаттанып, күлу де бар.

Өнерін

тамашалап отыр қауым,

Сайыста

әділқазылар тағы да бар.

«Жүзден

жүйрік, мыңнан тұлпар» демекші, бүгінгі сайысымызды таразылап әділ бағасын

береді деген оймен келесі сөзді әділқазылар алқасына береміз.

Енді

барлық сайыс кезеңінің қорытындысымен танысайық.

Ән: «Қошақаным» орындайтын Салтанат

Алайық

келер сәтті ойға түйіп,

Қалар

бір шапағаты көпке тиіп

Қол

жайып әжелердің ақ пейілін

Бәріміз

бір ауыздан әумин дейік,- дей отырып үлкен әжеден бата тілейміз.

Мұғалім: Әжемізге, анамызға деген біздің

көңіліміз, мейіріміміз ұшаң-теңіз.

Әжелерімізге,

аналарымызға шат кқңіл, мықты денсаулық тілейміз.

Демеңіз

біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл

де біраз жерге таяп қалды.

Қош

болып тұрыңыздар көріскенше

Осымен

концертіміз аяқталды деп «Асыл әжем-ақ

әжем» атты мерекелік сайысымызды аяқтаймыз.

Зейін

қойып, тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!

   

Просмотров: 2598

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст