«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Красивый ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение               «Общеобразовательная школа села Красивое отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кешегі және бүгінгі қазақ қызының тәрбиесі.

18.04.2017

Кешегі және бүгінгі қазақ қызының тәрбиесі.

     Қазақ халқы қыз баланы ерекше құрметтеп

«Қыз-қонақ», қыз төрге отырса, құт-береке, байлық қонады, «Қыз-қызғалдақ,

өмірдің ажары» деп жоғары бағалаған. Қыз баланың тәлім-тәрбиесі, мінез-құлығына

ерекше көңіл бөлген халық. «Келінім саған айтам, қызым сен тыңда»,- деп

ақыл-кеңес айтып, болашақ өмірге даярлаған. Ақылы теңіздей терең асыл жанды

әжелер мен аналарымыз «ертеңгі күнді бүгін» ойлап, қыз баланың жасауын балалық

шағынан бастап жинай бастаған еді. «Гүл өссе-жердің көркі, Қыз өссе-елдің көркі»

демекші, қыз бала бойжеткен болған шағында үстіне ақ жібек көйлек киіп, бешпет

камзолға әшекейлі белдік тағып, бұраңдаған қыпша беліне қос өрім бұрымын

жіберіп, таққан шолпысы сылдыр етіп, жүрісі теңіз үстімен жүзіп келе жатқан

кемедей толқып, жан-жағын өзгеше бір әсемдікке бөлегені рас. Сол кез-де

ойын-сауық құрған жастардың әні, алтыбақан тепкен қыз бен жігіттің сыңғырлаған

күлкісі түнгі ауаға көтеріліп, бүкіл аймаққа таралып, әдемі елес беретін. «Қыз

қылығымен сүйкімді» дегендей, әрі он саусағынан майы тамған шебер де пысық

болған. Ал ауыл жігіттері, қонаққа келген сал-серілер қыздарды сыйлап, оларға

арнап небір інжу-маржан әнге қосып, айтатын болған. Егер бойжеткен қыз туралы

әңгіме қозғалатын болса, ең алдымен оның тегі, тәрбиесі, қылығы сөз болатын.

Қызды «ару, сұлу, кербез аққуға» теңеген, оның жанының, арының, тәнінің тазалығын,

бұлақтың суындай мөлдіреген пәктігін жырлаған.

     Енді бүгінгі

күнгі қазақ қыздарының тәрбиесі қандай?-деген сауалға жауап іздеп көрейік.

Әрине, әуел бастан дұрыс тәлім-тәрбие алмаған қыздарды емес, оны бере алмаған

ата-аналарды жөнге салу керек деп ойлаймын.

     Біздің қыздар

елдің бетіне қарамақ түгілі, көшеде ашықтан-ашық тәнін саудалап тұрғанына ішін

күйеді. Тән тазалығы қайда кеткен? Қыздың арын, оның  «ертеңгі күнін бүгін ойлайтын» әжелеріміз бен

аналарымыз қайда? «Ел болам десең, бесігіңді түзе»,-деп Мұхтар ағамыз

айтқандай, ана-өмір көркі, жаратушы, тәрбие дарытушы емес пе? Оның өмірде де,

қоғамда да рөлі өте зор.

   Сондықтан да қыз

тәрбиесінің мәселесін бірлесіп, көптесіп шешейік. Қыз тәрбиесі ата- ана

қолында, соны ойлайық, құрметті ағайын!

Красивинский орта мектебі                                                                                                        

                                                    қазақ

тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі –С.Т. Булатова

Просмотров: 689


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст