«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»
2017 жылдың наурыз айы рухани жан – дүниемізді байытып, көңілімізге көктем-дей
тамаша жыл мезгілінің келуімен бірге, «өлең-сөздің патшасы, жақсы ән мен тәтті
күй» де сыйлап үлгерді. Есіл ауданының әрбір түкпір-түкпірінен әр жас
шамасындағы шәкірттер ұлы аталарымыз бен алаш арыстарымыздың
шығармашылықтарымен бөлі-суге асықты.
Атап айтсақ, 2017 жылдың 2-наурызында Есіл қаласының №1 мектебінде Ұлы Абай
атамыздың жыл сайын өтетін «Абай оқулары-2017»
байқауы өтті. Байқау үш но-минация бойынша өткізілді. Оқушылар өз
өнерлерін ортаға салды. Олардың өнерлерін әділ қазылар алқасы бағалап отырды.
Ерекше атауға болатын жағдай, байқауға басқа ұлт өкілдерінің жылдан-жылға
қатысуға деген құлшыныстарының артуында екені рас.
Біздің мектебіміздің намысын қорғауға үш оқушы барды. Олар: 5 «а»
сынып оқушылары – Нұрланұлы Батырхан мен Сейітханқызы Айдана, 6 «а»
сынып оқушысы-Абдуашова Айда.
«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»
демекші, барлық оқушылар жақсы дайын-дықпен келді. Олардың ұлы атамыз-Абайдың
өлеңдеріне деген махаббаттарын оттай жайнаған көздерінен және тамылжыта салған
әндерінен байқау қиын емес. Барлығының да мақсаты бір-өз өнерлерімен бар
жұртшылықты тәнті етіп, бұл байқаудың жеңімпазы атану. Бірақ бұл оңай іс емес.
Себебі, әділ қазылар алқасының мүшелері әр оқушының дайындығына жіті назар
бөлді. Сахнада өзін ұстау мәнері мен киімі, дауыс ырғағы мен сөз тазалығы бүге-шүгесіне дейін назарда
болды.
Міне, ең толқулы сәт те жетті.
Ол марапаттау сәті. Әділ қазылардың шешімі бойынша біздің оқушымыз- Абдуашова
Айда «Өлең-сөздің патшасы» номинациясы бойынша
3-орынға ие болды.
Біз Айдамыздың жетістігіне
қуаныштымыз. Айда әрқашан биіктен
көріне беруіне тілектеспіз. Талабыңа нұр жаусын!
Ал Батырхан мен Айданамыздың
алатын асулары мен бағындыратын белестері әлі алда деп айтқымыз келеді. «Көш жүре түзеледі» деп дана халқым айтқандай,
тәжиребе ала беріңдер.
Красивинский
орта мектебі
қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі –С.Т. Булатова