«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Красивый ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение               «Общеобразовательная школа села Красивое отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»

29.11.2017

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»

2017 жылдың қараша айы рухани жан – дүниемізді байытып, көңілімізге тамаша

жыл мезгілімен қатар, «жақсы ән мен тәтті күй» де сыйлап үлгерді. Красивинский

орта мектебінде  қарашаның 24 күні  әр жас шамасындағы шәкірттер ұлы атамыз –

Абай Құнанбаевтің  шығармашылығымен бөлісуге

асықты. 

Атап айтсақ, біздің ең кішкентай оқушыларымыздың арасында Ұлы Абай атамыз-дың

жыл сайын өтетін «Абай оқулары-2017» 

байқауы өтті. Байқау екі номинация бо-йынша өткізілді. Оқушылар өз өнерлерін

ортаға салды. Олардың өнерлерін әділ қазылар алқасы бағалап отырды. Ерекше

атауға болатын жағдай, байқауға  оқушылардың жыл-дан-жылға қатысуға деген

құлшыныстарының артуында екені рас. 

Байқауды қорытындылай келе,  2 «А»

сынып оқушылары Ғабдуәли Әділет – гран-при, ал Таңат Жантөре – 1 – орынды

иеленді. 3 «А» сынып оқушылары  -

Сейітхан Салтанат- гран-при, Сагындыкова Гүлім- 1 –орынды, 2-орынды- Рахманова

Аружан, 3-орынды- Куанышбаева Сабина иеленсе, 4 «а» сынып арасында гран-приді-

Таңат Жадыра,  1-орынды- Оспан Айлина,

2-орынды Сейітхан Айымжан жеңіп алды. Ал әнге келетін болсақ, алдына жан салмай

жеңіске жеткен Кокумбаева Томирис- гран-приді иеленді.  Біздің мектебіміздің намысын қорғауға ауданға

гран-приді жеңіп алған  төрт оқушы барды.

         «Жүйріктен

жүйрік озар жарысқанда» демекші, барлық оқушылар жақсы дайын-дықпен келді.

Олардың ұлы атамыз-Абайдың өлеңдеріне деген махаббаттарын оттай жайнаған

көздерінен және тамылжыта салған әндерінен байқау қиын емес. Барлығының да

мақсаты бір-өз өнерлерімен бар жұртшылықты тәнті етіп, бұл байқаудың жеңімпазы

атану. Бірақ бұл оңай іс емес. Себебі, әділ қазылар алқасының мүшелері әр

оқушының дайындығына жіті назар бөлді. Сахнада өзін ұстау мәнері мен киімі,

дауыс ырғағы  мен сөз тазалығы

бүге-шүгесіне дейін назарда болды.

Біз оқушыларымыздың   жетістігіне

қуаныштымыз.  Олар әрқашан биіктен көріне

берсін деп тілейміз. Талаптарыңа нұр жаусын!                    

  

 

Красивинский

орта мектебі                                                              

                                                                                              қазақ

тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі –С.Т. Булатова

Просмотров: 658


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст