«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Красивый ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение               «Общеобразовательная школа села Красивое отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қуанышты хабар бар.

05.12.2017

Қуанышты хабар бар.

Біздің мектебіміздің 11 сынып оқушысы –Қувандық Темірлан  «Елбасы күніне» орай, Астана қаласында өткен  «Созвездие  Казахстана» атты Халықаралық жас өнерпаздар бай-қауына қатысып келді.  Байқау желтоқсанның екісі күні сағат 09.00-дан бастап, «Жастар» театрында өтті.

Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен өнерлі жастар келіп, өз бақтарын сынап көріп жатты. Байқау таңның атысынан, түннің батысына дейін жалғасты. Әділ-қазылар әр өнерпаздарды өте мұқият тыңдап, бағалады. Әрине, бұл байқауда тек ән ғана емес, түрлі  аспаптардың да жекелей жарысы болғанын айта кеткен жөн сияқты. 

Әр өнерпаздың сахналық киімі, жүріс-тұрысы мен мәдениетіне ерекше көңіл бөлінді. Себебі,  байқаудың басты қағидасы – мықтылардың ішінен мықтыны таңдап алу. Менің ойымша, бұл байқау жас өнерпаздардың жолын ашып ғана қоймай, олардың рухани жан –дүниелерін байыта түсетіні сөзсіз. «Қазақ-қазақ емес, Нағыз қазақ - домбыра», «Әу! – демейтін қазақ бол-мас» - демекші, дана халқымыз әрқашанда өнерді жоғары бағалаған. Байқауда түрлі ба-ғыттағы әндер орындалды.   

     Біздің Темірлан халық әні «Назқоңырды» орындады. Темірлан сахнада өзін еркін ұстады. Әнін басынан аяғына дейін мүдірмей айтып берді. Әрине, қобалжу болмады деп айтсақ, артық болар еді. Себебі,  мұндай үлкен байқау кезінде қобалжымау мүмкін емес. Әсіресе, әділ–  қазылар өз шешім-дерін шығарғанға дейінгі аралықта қобалжу тіптен өршіп кетті. Жүрек соғысы жиілеп, «енді не болар екен?»- деген сұрақ көкейімізден кетпей қойды.  Міне, зарықтыра күттірген шақ та келіпжетті. Ол марапаттау шағы. Зал тына қалды. Барлығы да қо-рытындыны күтуде.  Красивинский орта мектебі Қуандық Темірлан 3-орын деген кезде, жүрегіміз қуаныштан жарылғандай болды. Не деген керемет шақ. Бұл бақыт пен қуаныштың шағы.   Осы сапарға қол ұшын тигізіп, көмектескен аяулы адамдарға алғысымыз шексіз. Атап айтсақ, ЖШС «Қалқаман Ел»-БукановҚ.Қ,  Красивое округінің ауыл әкімі-Тулеубаев Р.Б,  Красивинский орта мектебі директоры- Сейфуллина В.С, Тәрбие жөніндегі орынбасары – Гунар Л.В, Алғашқы әскери дайындық жетекшісі- Гунар В.И, Есіл қаласы №3  қазақ орта мектебінің тәрбие жөніндегі орынбасары-Бөрібаев А.К,  тәлімгер – Биндевальд О.Н, Есіл қаласы, Балалар шығармашылық үйінің музыканты - Дуйсенов Р.С пен жеке кәсіпкер-  Чепелева Я. А, дене тәрбиесі мұғалімі-Биндевальд Д.А-ке  алғыс айтамыз.         Темірланның тасы өрге домалап, жұлдызы жарқырай берсін!

Сынып жетекшісі Булатова С.Т.

Просмотров: 536


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст