01.09.2021
Биылғы « Білім күні» Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесімен бірге келуімен ерекшеленді. Білім күніне арналған салтанатты жиын «Кел балалар, оқылық!» атауымен өткізілді. Бұл жиында 1 сынып оқушыларына ауыл әкімі мен жеке кәсіпкер атынан ерекше көңіл бөлініп бүлдіршіндерге сыйлықтар тапсырылды. Атап айтатын болсақ жеке кәсіпкер Қаржаубаев Ерболат мырза оқушыларымызға сыйлықтар беруге демеушілік көрсетті. Мектебіміздің атынан демеушілікке алғысымыз шексіз.
Жиынның қонағы ауыл әкімі Жармағамбетов Сағит Рахимжанович пен мектеп директоры Гунар Людмила Васильевна бүлдіршіндерге «Әліппе» алғашқы оқулықтарын табыс етті.