«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Красивый ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение               «Общеобразовательная школа села Красивое отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

1 қыркүйек — Білім күні

02.09.2026

1 қыркүйек — Білім күні: жаңа оқу жолының бастауы!

Бүгін мектеп ауласында Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын және «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасының негізгі бағыттарын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды.

Мерекелік шараның арнайы қонақтары:

  • Қ. Қ. Буканов — аудандық мәслихат депутаты;

  • Н. С. Косиченко — Красивин ауылдық округінің әкімі;

  • Г. А. Генералова — еңбек ардагері.

Құрметті қонақтар жылы лебіздерін білдіріп, ақжолтай тілектерін айтып, алғашқы сыныпқа қадам басқан бүлдіршіндерді шын жүректен құттықтады.

«Жанатілек» КФҚ атынан бірінші сынып оқушыларына сыйлықтар табысталды. Бүгін олар үшін өміріндегі алғашқы мектеп қоңырауы соғылып, білім мен жаңа жетістіктер әлеміне жол ашылды.

Барша оқушыларды, ұстаздар мен ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз! Жаңа оқу жылы мазмұнды, табысты әрі шабытқа толы болсын!

Просмотров: 347


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст