05.05.2026
«Намыс додасы» мектепішілік спорттық жарысы
Мектебімізде Отан қорғаушылар күніне орай «Намыс додасы» атты мектепішілік спорттық жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді.
Бұл іс-шараның мақсаты – оқушылар арасында патриотизмді арттыру, командалық рухты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және спорттық шеберлікті жетілдіру болды.
Жарысқа 5–7 сынып оқушылары қатысып, әр команда өздерінің бірлігін, ұйымшылдығын және ептілігін көрсетті. Қатысушылар капитанымен бірге бірыңғай форма киіп, эмблемаларын таныстырып, сәлемдесу дайындады.
Сайыс барысында оқушылар жылдамдық, төзімділік және ептілікті қажет ететін түрлі спорттық кезеңдерден өтті. Сонымен қатар жанкүйерлер де белсенді қолдау көрсетіп, жарыстың қызықты өтуіне үлес қосты.
Барлық қатысушылар жоғары деңгейде өнер көрсетіп, өздерінің спортқа деген қызығушылығы мен патриоттық рухын дәлелдеді.
Жарыс қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған командалар жеңімпаз атанып, марапатталды.
«Намыс додасы» – бұл тек жарыс емес, ол бірлік пен намыстың, рух пен достықтың мерекесі!