Текст
29.04.2026
1-МАМЫР — ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ
Бүгін мектебімізде 5-10 сынып оқушыларының қатысуымен мерекелік концерт өтті.
Мақсаты: оқушыларға Отанын сүйе білуге, бірлікке, ауызбіршілікке, татулыққа тәрбиелеу. Көп ұлтты еліміздің тарихын білуге, өзге ұлттар рәміздерін қастерлеу, елімізді өркендету жолында білімді де, саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Барша қатысушыларға белсенділігі мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлағандары үшін алғыс айтамыз!
Мереке құтты болсын, достар!