Текст
25 желтоқсан күні мектебімізде 0,6 - 4 «А» сынып оқушыларының қатысуымен көңілді әрі әсерлі Жаңа жылдық ертеңгілік мерекесі өтті. Бұл күн ертегіге толы ғажайып мерекеге айналды. Сахнада Аяз ата мен Ақшақар, Гринч, Мальвина, Буратино, сондай-ақ Ескі жыл — Жылан мен Жаңа жыл — Жылқы кейіпкерлері көрініс көрсетіп, балаларға шаттық пен қуаныш сыйлады.
Мереке барысында түрлі қызықты ойындар ойнатылып, әсем хороводтар айтылып, көңілді әндер шырқалды. Мектепке дейінгі білім беру тобының ұл балалары, 3 «А» және 4 «А» сынып оқушылары өз билерімен көрермендерді тәнті етті.
Мереке соңында балаларға тәтті сыйлықтар таратылып, барлығы көтеріңкі көңіл күймен тарқасты. Бұл Жаңа жылдық мереке балалардың жүрегінде жарқын естелік болып қалды.