«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Красивый ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение               «Общеобразовательная школа села Красивое отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2025 жылғы 2 желтоқсанда “Красивый ауылының ЖОББ мектебінде” 7–11-сынып оқушылары үшін учаскелік инспектор Бирюков Д.А.-ның қатысуымен профилактикалық әңгіме өтті.

02.12.2025

2025 жылғы 2 желтоқсанда “Красивый ауылының ЖОББ мектебінде” 7–11-сынып оқушылары үшін учаскелік инспектор Бирюков Д.А.-ның қатысуымен профилактикалық әңгіме өтті.
Кездесуде құқықбұзушылықтың алдын алу, темекі шегудің және насыбай қолданудың зияны, бейәдеп сөздерден аулақ болу, сондай-ақ интернеттегі қауіпсіздік пен интернет алаяқтарының әрекеттерінен сақтану мәселелері талқыланды.

Учаскелік инспектор оқушыларға әр түрлі құқықбұзушылықтар үшін жауапкершілік туралы түсіндіріп, мектеп ережелері мен заңдарды сақтау қажеттігін еске салды. Темекі мен насыбайдың жасөспірім денсаулығына зияны ерекше атап өтілді. Сонымен қатар, балаларға интернетте дұрыс әрекет ету, алаяқтардың қолданатын тәсілдері және қауіпті жағдайлардың алдын алу жолдары түсіндірілді.

Әңгіме мазмұнды әрі пайдалы өтті. Оқушылар өз сұрақтарына жауап алып, мектепте, үйде және интернетте қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығына тағы да көз жеткізді.

 

Просмотров: 16


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст