«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Красивый ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение               «Общеобразовательная школа села Красивое отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

25 қазан – Республика күніне орай мектебімізде «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау салтанатты рәсімі

20.10.2025

25 қазан – Республика күніне орай мектебімізде «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау салтанатты рәсімі өтті.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға еңсесі биік егемен еліміздің айбынды да азат ұрпағы екендігін терең ұғындыру, отансүйгіштік пен патриоттық сезімдерін дамыту, ел бейбітшілігі мен бірлігіне үлес қосуға баулу.
Салтанатты жиынға мектеп директорының міндетін атқарушы Биндевальд О.Н., мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Есмакова Р.К., тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар Ужекенова М.А. мен Туленова Г.К., сондай-ақ ұстаздар мен оқушылар қатысты.
Мектебіміздің озат, үлгілі шәкірттері арасынан 2–4 сыныптардан 16 оқушы «Жас қыран» ұйымына, ал 5–7 сыныптардан 19 оқушы «Жас ұлан» ұйымына қабылданды.
Мерекелік шараны мектеп директорының м.а. Биндевальд О.Н. ашып, жас ұландарды құттықтап, ыстық лебізін білдірді.
Оқушылар салтанатты түрде ант қабылдап, оларға мектеп әкімшілігі галстук пен төсбелгі тақты.

Просмотров: 9


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст