Текст
20.10.2025
Мектебімізде 13–24 қазан аралығында бастауыш сыныптардың онкүндігі өтуде!
Бүгін осы онкүндік аясында өткен “Күзгі асар” жәрмеңкесіне белсенді қатысып, ұйымшылдық пен еңбексүйгіштіктің үлгісін көрсеткен оқушылар мен сыныптарды марапаттау рәсімі өткізілді.
Іс-шара оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, еңбексүйгіштік пен жауапкершілік қасиеттерін дамытуға бағытталды.
Барлық қатысушыларды құттықтаймыз!