Текст
Бүгін жазғы мектеп жанындағы “Гүлдер” алаңында балалармен бірге мемлекеттік рәміздерімізге арналған танымдық сайыс-сабақ өткізілді.
Оқушылар топқа бөлініп, өздерінің ұранын айтып, викториналық сұрақтарға жауап берді, сурет салып, ту мен елтаңба туралы қызықты мәліметтермен бөлісті.
Туған еліміздің рәміздеріне деген құрмет пен мақтаныш — әр баланың жүрегінде!