Текст
Бүгін экстремизм мен терроризмнің алдын алу жұмыстары аясында «Красивое ауылының ОМ» 8-11 сынып оқушылары сақтық пен құқықтық сананы қалыптастыруға бағытталған бейнероликті тамашалады. Іс-шара барысында оқушылар қауіп-қатер түрлері, оларды болдырмау әдістері және интернеттегі ақпаратқа саналы көзқарастың маңыздылығы туралы маңызды мәліметтер алды.
Мұндай іс-шараларды өткізу азаматтық жауапкершілікті арттыруға және бейбітшілік пен қауіпсіздіктің маңыздылығын түсінуге ықпал етеді.
#АлдынАлу #Қауіпсіздік #ЭкстремизмгеҚарсы #Білім