«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Красивый ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение               «Общеобразовательная школа села Красивое отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Қыс Айшықтары"

19.02.2021 Ақмола облысының білім беру мекемелері үшін Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығы» КММ «Қыс айшықтары» атты облыстық сырттай экологиялық байқауын ұйымдастырды. Аталған іс-шара «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында өтті. Аталған байқауға ауданымыздың білім беру мекемелерінің оқушылары қатысты. Байқаудың мақсаты- білім алушыларды табиғатты қорғауға, экологиялық мәдениетін және табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру. Красивый орта мектебінен байқауға 5 «А» сынып оқушысы-Таңат Жантөре қатысты. Жантөре – оқу озаты, спортшы, дарынды оқушы. Бос уақытында сурет салып, ұлттық ойындарды ойнауды, күреспен айналысқанды ұнатады. Жан-жақты, түрлі мәдени, зияткерлік байқаулар мен сайыстардың жеңімпазы. 2019-2020 оқу жылында Алматы қаласы, «Ғылым» баспасынан шыққан «Қазақстанның үміт артарлары» атты жинаққа Ақмола облысының дарынды оқушысы ретінде енді. Байқауға ауданымыздың түкпір-түкпірінен талантты суретшілер жұмыста-рын жолдады. Жантөренің жұмысының атауы – «Қысқы ауыл». Қыс кезіндегі тамаша ауылдың көрінісін керемет жеткізе алған жұмыс бірден көздің жауын алып, жанынды жадыратады. Жантөреміздің бағы жанып, бұл байқаудың бас жүлдесін-Гран-приді жеңіп алды. Енді Жантөренің жұмысы Облысқа жолданып, Есіл ауданы атынан байқау-дың облыстық кезеңіне қатысады. Байқаудың нәтижесі 22 ақпанда белгілі болады. Жантөреге бас жүлдең құтты болсын деп, байқаудың облыстық кезеңінде сәттілік тілейміз. Талабыңа нұр жаусын, Жантөре! Ата-анаң мен ұстаздарының, мектебінің мақтанышы бол! Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі-С.Т.Булатова
Просмотров: 359


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст