«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Красивый ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение               «Общеобразовательная школа села Красивое отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Пікір- сайыс алаңы. Тақырыбы"Қазақ тілінің қазіргі қоғамдағы мәртебесі"

16.02.2021 Тақырыбы: «Қазіргі қоғамдағы қазақ тілінің мәртебесі» Мақсаты: 1) жастардың сөздік қорын молайту, ана тіліміздің қадір – қасиетін бойына дарыту, ана тілімізді қадірлей білуге үйрету; 2) көпшілік алдында еркін сөйлеуге үйрету, тіл байлығын, шешендік өнерге баулу; 3) еліміздің әлеуметтік, саяси істеріне өз үлестерін қосып, ой-толғаныстарымен бөлісуге үйрету. Тіл – халықтың жаны. Тілі құрыған халық та жер бетінен жоғалады. Ана тіліміздің тағдыры үшін бабаларымыз қам - қарекетсіз болған емес. Жиырмасыншы жылдары тіл тәуелсіздігін ту етіп көтерген Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Мұхтарлар, сексенінші жылдардың аяғында бостандықтың лебі ескен бүкілхалықтық қозғалыс - соның айқын айғағы. 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған еліміздің Конституциясының 7- бабында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп белгіленді. Елдік, ерлік, бірлік, қайрат, бақ, ардың Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың. Алтын күннен бағасыз бір белгі боп, Нұрлы жұлдыз - бабам тілі, сен қалдың! – деп Мағжан атамыз жырлаған тіліміздің қазіргі таңдағы жағдайы, қолдану аясы қандай деген мақсатпен  «Қазіргі қоғамдағы қазақ тілінің мәртебесі» атты тақырыпта пікір – сайыс өткізілді.
Просмотров: 377

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст